Іздеу
Версия для слабовидящих
Телефон доверия:
8(7292) 43 81 16

Жақсы қолдарға сатамыз


«2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, жекешелендірудің екінші толқыны аясында Республика бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік мүлік объектілері мен ұлттық компаниялар активтерін сату жалғасуда.

2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіндегі 15 ұйымды (11 облыстық және 4 аудандық коммуналдық меншік ұйымдары), «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның әртүрлі бағыттағы 6 еншілес ұйымдарын жекешелендіруді қарастырады. Бекітілген сату кестесі бойынша 2016 жылы коммуналдық меншіктегі 2 ұйым мен «Каспий» ӘКК 3 еншілес ұйымы, 2017 жылы коммуналдық меншіктегі 3 ұйым мен «Каспий» ӘКК 1 еншілес ұйымы, 2018 жылы коммуналдық меншіктегі 3 ұйым, 2019 жылы коммуналдық меншіктегі 2 ұйым және «Каспий» ӘКК 1 еншілес ұйымы, 2020 жылы коммуналдық меншіктегі 4 ұйым саудаға шығарылады.

Осылайша, коммуналдық меншік бойынша 2016 жылы көгалдандыру мен абаттандыру, табиғи экожүйелерді сақтау мен қалпына келтіру аясында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын «Жасыл әлем» ЖШС (100 % мемлекеттің  қатысу үлесі) сауда-саттыққа шығарылады. Сондай-ақ, ол Қарақия және Маңғыстау аудандарының Сенек, Тұщықұдық, Үштаған) ауылдық елді-мекендерінде шөлейттенуге қарсы, құмды массивтерді бекіту бойынша жұмыстармен айналысады.

«Ақтау тренинг орталығы» ЖШС (24,47 % мемлекеттің қатысу үлесі) техникалық және кәсіби білім беру мен техникалық және қызмет көрсететін еңбек жұмысшылары мен мамандарының кәсіби дайындығын, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды қамтитын кәсіби оқыту, консалтингтік, маркетингтік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды, ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу саласында қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылда коммуналдық меншіктің екі объектісін сауда-саттыққа шығару жоспарлануда – бұл аймақта ұлттық спорт түрлерін дамытумен айналысатын «Маңғыстау облыстық ат спорты түрлерінің клубы» ЖШС және шаруашылық субъектілеріне лизингке беру үшін ауыл шаруашылық жануарлары мен техникаларын сатып алуды жүзеге асыратын «Маңғыстауагросервис» ЖШС.

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымдары бойынша 2016 жылы тауарлардың саны мен сапасына талдауды анықтау бойынша, сюрверлік, агенттік және брокерлік қызмет көрсетумен, өлшеу жүйелерін құру, қосу мен жөдеу бойынша қызмет көрсетумен айналысатын «Caspian Inspection Company» ЖШС (35 % қатысу үлесі) және жер асты жұмыстарымен, теңіз шельфіндегі жұмыстармен айналысатын «Каспий техникалық флоты» ЖШС (20 % қатысу үлесі).

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сауда-саттық мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ортақ электрондық сауда алаңында  жария түрде жүргізіледі. Объектілердің жекешелендірілуі сауда-саттық кестесімен қоса баршаға қол жетімді болып табылады және облыс әкімдігінің веб-сайтында орналастырылады. Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы мемлекеттік ақпараттық базалардың көпшілігімен біріктірілгендіктен, бұл сатып алушыларды сауда-саттыққа қатысу үшін қажетті құжаттарды қағаз түрінде растап, ұсыну қажеттігінен босатады. Сауда-саттықтың кез келген қатысушысы электронды сандық қолы болса, веб-порталда өзі тіркеліп, ЭСҚ-мен сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш білдіреді, оларға қатыса алады. Сондай-ақ, сауда-саттықтың аяқталуымен кеплілдік жарнасын қайтаруға арызына не сауда-саттық жеңімпазы ретінде сауда-саттық қорытындысына қол қоя алады. Веб-порталда сауда-саттыққа қалай қатысу керектігі жөніндегі орналастырылған нұсқаулықтар мен ақпараттық графикадан басқа, объектіні сатуға алып келетін әрбір саты туралы баспасөзде жариялау үшін таратылатын хабарлар да орналастырылады. Олар қолжетімді және кез келген ниет білдіруші олармен таныса алады. Осыған орай, Маңғыстау облысының қаржы басқармасы бизнес-қоғамдастықты және біздің аймақ экономикасының шикізаттық емес секторының дамуына қызығушылығы бар адамдарды жекешелендірудің осы үрдісіне қатысу мүмкіндігін пайдалануға шақырады. Біз өзіміздің тарапымыздан жекешелендірілетін объектілер бойынша қызығушылық білдіретін барлық ақпараттарды ұсынуға дайынбыз.

Коммуналдық меншіктегі ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері мен «Каспий» ӘКК еншілес ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату бойынша сауда-саттық ағымдағы жылғы маусымның ортасына жоспарлануда.

Жекешелендіру туралы толығырақ ақпаратты сіз Маңғыстау облысының қаржы басқармасының веб-сайтында http://fin.mangystau.gov.kz, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz және 315741, 434935 телефондары арқылы біле аласыңыз.