Іздеу
Версия для слабовидящих
Телефон доверия:
8(7292) 43 81 16

Жекешелендірудің екінші толқыны


Жекешелендірудің екінші толқыны

2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша жекешелендіруге жататын ұйымдар тізбесіне 19 коммуналдық меншік ұйымдары, 8 «Каспий» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның еншілес ұйымдары енгізілді.

Қазіргі күні Елбасы тапсырмасы бойынша облыс әкімдігімен жекешелендіру объектілерінің сату кестесі қайта бекітілді, оған сәйкес объектілерді іске асыру 2017-2018 жылдарға жоспарланған.

 

 Барлық жекешелендіру объектілері бойынша Жол карталары бекітілді және Мемлекеттік мүлік реестріне жарияланды (ссылка http://privatization.gosreestr.kz/ru?Filter=incomplexplan&Owner=Kom). Онда кез келген адам қызықтырған сұрақтар бойынша ақпаратпен таныса алады.