Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Маңғыстау облысы бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарының жүзеге асырылу нәтижелері туралы


2017–2018 жылдарға Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіндегі бәсекелестік ортаға беруге жататын 16 коммуналдық меншік объектілері және "Каспий "ӘКК "ҰК" АҚ-ның 4 еншілес компаниясынан тұратын тізбесі бекітілген.

2017 жыл аралығында сатылымға барлығы 12 объект шығарылды, соның ішінде коммуналдық меншік бойынша - 10, ӘКК бойынша – 2.

Сауда-саттық нәтижесі бойынша коммуналдық меншіктегі 4 объект жүзеге асырылды, оның ішінде 25,9 млн.теңгені құрайтын 2 объект сатылды және 12,1 млн.теңгені құрайтын 2 объект сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

2018 жылы сауда-саттыққа коммуналдық меншіктің 9 объектілерін және ӘКК-ның 4 еншілес компаниясын шығару жоспарлануда. 

Жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Жекешелендірудің екінші толқынының объектілері» ақпараттық ресурсында (http://privatization.gosreestr.kz/ru) жарияланған, онда әрбір жекешелендіру объектісі бойынша қызметінің түрлері және қаржылық көрсеткіштері туралы мәліметтер, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсететін «Жол картасы» орналастырылған. Ол ашық қол жетімділікте және осы ақпаратпен кез-келген адам таныса алады.