Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

​ТЕНДЕР ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА


ТЕНДЕР ӨТКІЗІЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Маңғыстау облысының қаржы басқармасы

кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткiзу туралы хабарлайды.

Облыстық коммуналдық меншiктегі объектiлердi сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына (өзгерістер және толықтырулармен, бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Тендер 2018 жылғы 7 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 1100-де www.gosreestr.kz мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб-порталында (бұдан әрі-тізілім) өткізіледі. Тендерге «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС-тің жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттік қатысу үлесі қойылады (мекен-жайы: Ақтау қ., 11 шағын аудан, 21 үй, кеңсе 36/37). Қызмет түрі – заңды тұлғаның Жарғысына сәйкес әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, ғимараттар мен имараттардың құрылысына (күрделі жөндеу, қайта құрылымдау) тапсырыс берушінің (техникалық бақылау, құрылыс инженерлік қызметі) өз бақылауын жүргізу және т.б. Бастапқы бағасы – 6 772 000 теңге, кепілдік жарнасы – 1 015 800 теңге.

Тендерлік шарттар және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар:

Тендерлік шарттар

Тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар

1

Сенімгерлік басқару мерзімі 3 жыл

-

2

Сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің негізгі қызметінің түрлерін сақтау

Кепілдік хат

3

Тұрғын үй және әлеуметтік объектілер құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу

Жұмыс тәжірибесі және растаушы құжаттардың болуы

4

Объектінің дамуына инвестиция салу

Бизнес-жоспар салымдардың түрлерін және жылдар бойынша бөлінген жалпы салынатын инвестициялардың көлемін қамту тиіс

5

Өз қаражаты есебінен салықтық және басқа да төлемдерді қамтамасыз ету

Кепілдік хат

6

Сенімгерлік басқару мерзімінде меншік иесін өзгерту бойынша (қайта сату, кепіл, басқаруға беру) келісімдерді іске асыруға тыйым салу

Кепілдік хат

Тендер өткізу тәртібі.

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Тендерге қатысушы үшін кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай операторы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрі – бірыңғай оператор) реквизиттеріне төленеді: БСН 050540004455, ТТК 171, БеК 16 (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Төлемнің белгіленуі - тендерге қатысу үшін кепілдік жарна.

«Казкоммерцбанк» АҚ есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX.

Кепілдік жарнаны қатысушының өзі не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді.

Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Өтінімге:

1) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы;

2) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

- тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

- "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

- жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

- тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

- хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.

Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге қатысушы болып табылмайды.

Тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге жіберген тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.

Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен құрылтайшының тендер шарттарында және жеңімпаздың ұсыныстарында шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні құрылтайшы және жеңімпаз қол қояды.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей шарт жасасады.

Тендер жеңімпазы құрылтайшыға шартқа қол қою кезінде өтінімге қоса тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат растаған көшірмелерін тексеру үшін ұсынады.

Тендер өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.gosreestr.kz сайтында қарауға болады немесе 8 (7292) 31-57-41 телефоны арқылы алуға болады.