Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Өмірбаян


Ұланова Жаңагүл Ұланқызы 1976 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келді.

Білімі-жоғары, 1997 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінде, «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Маңғыстау облыстық экономика басқармасында бастаған.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқып, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрінің біліктілігін және академиялық дәрежесін алды.

2007 жылдың шілде айында Маңғыста облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2008 жылдың қараша айынан бастап Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарды. 2013 жылдың қараша айынан бастап облыс әкімінің өкімімен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2018 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2008 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алғыс хатымен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2013 жылы «облыстың қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Отбасы жағдайы – тұрмыста, екі бала тәрбиелеуде.