Іздеу
Версия для слабовидящих
Кері байланыс

Облыс әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен өткен аппараттық жиында 2019 жылғы 1 сәуір жағдайына Маңғыстау облысы жергілікті бюджетінің атқарылуы талқыланды


2019 жылғы1 сәуір жағдайына

Маңғыстау облысы жергілікті және

республикалық бюджетінің атқарылуы туралы

2019 жылғы 1 сәуір жағдайына облыс бойынша жергілікті бюджеттің түсімдері 31,4 млрд.теңгені немесе есепті кезеңнің жоспарына қарағанда 102,7%-ке асыра орындалды (жоспар- 30,6 млрд.т.).

Анықтама үшін: 2018 жылы наурызда 36,2 млрд.теңге түсті (жоспар-30,7 млрд.т) немесе есепті кезең жоспарының 117,9%-ін құрады. Былтырғы жылдан 4,8 млрд.т. немесе 13,2% -ке кем.

Асыра орындалу сомасы (838 млн.т) негізінен салықтық түсімдерге тиесілі. Олардың ішінде жеке табыс салығы712 млн.теңге, әлеуметтік салық - 471 млн.теңге және заңды тұлғалардың мүлік салығы – 438 млн.теңге.

Облыс бюджетінің шығыстары есепті кезеңде 34,1 млрд.теңгені құрады немесе 95,4%-ке орындалды (жоспар - 35,7 млрд.теңге), оның ішінде жергілікті бюджет 95,9%-ке немесе 29,4 млрд.теңгеге, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер 92,2 %-ке немесе 4,7 млрд.теңгеге орындалды.

Анықтама үшін: Өткен жылдың тиісті кезеңінде орындалысы 32,3 млрд.теңгені немесе жоспардың 98,1%-ын құрады, оның ішінде жергілікті бюджет 98,2%, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 96,7%.

Жергілікті бюджет қаражатының жоспары 1,2 млрд.теңгеге орындалмады.

Облыстық бюджет бойынша ең көп игерілмегені Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Білім, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармаларына тиесілі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы -386,4 млн,теңге, бұл 2018 жылдың кредиторлық қарызын өтеуге облыстық бюджеттен Маңғыстау ауданының бюджетіне аударылмай қалған даму бюджеті бойынша трансферттер сомасы және 107,5 млн.теңге облыстық бюджеттен қаржыландырылатын даму бюджеті объектілері бойынша төленбеген міндеттемелер

Білім басқармасы – 239,5 млн.теңге, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарға облыстық бюджеттен аударылмай қалған ағымдағы трансферттер сомасы

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы - 110,4 млн.теңге, ағымдағы шығындар бойынша төленбеген міндеттемелер

СЛАЙД 5. РБ-ның нысаналы трансферттерінің атқарылуы. Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері 4,7 млрд.теңгеге немесе 92,2% орындалды (жоспар 5,1 млрд.теңге), соның ішінде ағымдағы трансферттер 2,5 млрд.теңгеге немесе 86,3%-ке атқарылды, даму трансферттері – 2,2 млрд.теңге немесе 99,9%.

Жалпы үнемделген соманы есептемегенде (394,3 млн.теңге), игерілмеген сома 24,5 млн.теңге, атап айтқанда:

- Ақтау қаласы -2,0 млн.теңге, Приморский тұрғын алабында жаңа тұрғын үйлерге инженерлік желілерінің құрылысы, сумен, кәрізбен жабдықтау нысаны бойынша, жұмыстардың нақты көлеміне төлем жасау нәтижесінде;

- Ауыл шаруашылығы басқармасы - 20 млн.теңге, агроөнеркәсіптік кешен субъектісіне инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы бойынша, "qoldau" веб-порталында техникалық ақауларға байланысты

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы - 1,3 млн.теңге үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырубағдарламасы бойынша, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуіне байланысты

- Ішкі саясат басқармасы - 702 мың теңге жаңалық телехабарларды трансляциялауда сурдоаударыммен сүйемелдеу бағдарламасы бойынша, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуіне байланысты

- Денсаулық сақтау басқармасы -468 млн.теңге жұмыстар мен қызметтердің нақты көлеміне төлем жасау нәтижесінде.